Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезектен тыс XXXIIІ конференция өтті

Кезектен тыс XXXIIІ конференция өтті

Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңес Бюросы мүшелері, партияның аумақтық филиалдарының Төрағалары мен Атқарушы хатшылары, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері, мәслихаттардағы Фракциялар жетекшілері мен мүшелері және «Жастар Рухы» Жастар қанаты мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен партияның облыстық филиалының кезектен тыс XXXIIІ конференциясы өтті.

Алқалы жиында Қызылорда облыстық мәслихатының №15 бірмандаттық сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат ұсыну және партияның облыстық филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Ағымдағы жылдың 30 қаңтар күнгі облыстық мәслихаттың №76 шешіміне сәйкес облыстық мәслихат депутаты Аманжол Сақыпұлы Оңғарбаев Арал ауданы әкімінің лауазымына тағайындалуына байланысты оның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын. Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-ші, 103-ші баптарына сәйкес, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Қызылорда облыстық мәслихатының №15 бірмандаттық сайлау округі бойынша депутаттық бос орынға кандидат ұсынылуы керек. Конференция барысында Партияның Қызылорда облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының келісімімен, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Қызылорда облыстық мәслихатының №15 бірмандаттық сайлау округі бойынша депутаттыққа Мұсаева Гүлшат Исақызының кандидатурасы ұсынылып, делегаттар тарапынан бір ауыздан қолдау тапты.

Қызылорда қалалық мәслихатының VII-ші шақырылымының депутаты болған, ал 2023 жылдың наурыз айында ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына белсене қатысып, облыстық мәслихаттың партиялық резерв тізіміне енгізілген болатын.

Мұнан соң «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізіліп, Саяси кеңесінің құрамына «Қызылорда сушар» өндірістік учаскесінің бастығы, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракцияның жетекшісі, облыстық партия филиалы жанындағы Экология жөніндегі кеңестің төрағасы Жорабек Ибрагимұлы Нұрымбетов сайланды.

Жиын барысында партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов сөз алып, Саяси кеңес құрамына сайланған партия белсендісін конференция делегаттарының атынан құттықтап, бүгінгі күнге дейін облыстық филиалдың Саяси кеңесі құрамында аймағымыздың дамуы жолында қызмет атқарып келген Аманжол Сақыпұлы Оңғарбаевқа партия филиалы мен конференция делегаттары атынан алғыс білдірді.

Конференцияға өкілеттілік нормасына сәйкес 152 делегат сайланған болатын. Өңірде инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу мақсатында конференция шақыру жөніндегі Саяси кеңесі Бюросы шешіміне сәйкес аудандардан 92 делегат конференцияға онлайн форматта қатысты.

21 ақпан 2024 ж. 157 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930