Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия филиалының кезектен тыс конференциясы өтті

Партия филиалының кезектен тыс конференциясы өтті


Бүгін «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының мәжіліс залында кезектен тыс XLVI (46) конференциясы өтті.

Маңызды жиынға филиал төрағасы, облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Ғазиз Әліш, облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп, партияның аудандық филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңес Бюросы мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен белсенділері қатысты. Сондай-ақ 20-дан аса делегаттар қолайсыз ауа райына байланысты онлайн форматта қосылды.

Конференция жұмысын Ғазиз Әліш ашып жүргізіп, күн тәртібіне «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ (33) конференциясына делегаттар сайлау мәселесін ұсынды.


Ұсынылған делегаттар тізімін партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев таныстырып, жиын қатысушылары тарапынан ашық дауыс беру нәтижесімен қолдау тапты.

Жалпы конференцияның күн тәртібіне ұсынылған мәселе толық қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

#AMANAT
16 ақпан 2024 ж. 445 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930