Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауған ардагерлері ардақталды

Ауған ардагерлері ардақталды

Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл. Осыған орай жуырда Әйтеке би кенті орталығында тағылымды шара ұйымдастырылып, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетілді. Шара алдымен ауған соғысы құрбандарын еске алумен бастау алды. Жиналған қауым «Тағзым» алаңындағы майдангерлерге арналған белгіге гүл шоқтарын қойып, құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан соң, ауған ардагерлерін ардақтауға арналған жиын Әйтеке би кенттік клубында жалғасын тапты.
Салтанатты шарада сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш:
– Ауған жерінде Кеңес әскерлері қатысқан қанды шайқасқа қазақ жерінен аттанған 22 мың жас өз борыштарын адал атқара білді. Ауған соғысы деп аталған майданның қасіреті біздің сарбаздарымызды да айналып өтпеді. Осы сұрапыл соғысқа ауданымыздан қатысқан 67 сарбаздың екеуі майдан даласында ерлікпен мерт болды. Қазір ауданда 26 Ауған соғысының ардагері тұрады. Ол кісілер жастарға лайықты түрде тәрбие беруге үлес қосып келеді. Ерліктің үлгісін көрсеткен ардагерлерге алғыс білдіремін, – деді ол.
Аталмыш шара барысында бірқатар ардагер мен білім беру ұйымдарының алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары «Кеңес Әскерлерінің Шектелген Контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Шығарылғанына 35 Жыл» естелік төсбелгісімен және «Үздік әскери оқытушы», «Абыройлы әскери жетекші», «Жауынгерлік бауырластық» сынды медалдармен марапатталды.
Марапаттау рәсімінен соң ардагерлер атынан сөз сөйлеу үшін «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айдар Әлиев көрсетілген құрметке ризашылығын білдірді. Жиын соңы Әйтеке би кенттік мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Жанна МИХА
16 ақпан 2024 ж. 286 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 94

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930