Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

Жастар ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

Жұмада кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына арналған шаралар өтті.
Жыл сайынғы бұл дәстүрлі жүздесу әдеттегідей, аталған соғыста қаза тапқан сарбаздардың жарқын бейнесін еске түсіруден басталып, «Жанқожа батыр» кесенесіне барып, «Даңқ» аллеясындағы ауған соғысының ардагерлерін еске алуға арналған ескерткішке жиналып, қаза болған Қазалылық жауынгерлерге құран бағыштап, естелік лебіздер айтылды.
Сонымен бірге, Әйтеке би кенттік клубында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен ауған соғысының ардагерлеріне арналған аудан жастарының патриоттық шарасы өтті.
Шараны Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әліби Берікұлы жүргізіп, ауған соғысы ардагерлерімен сұхбаттасты. Ардагерлеріміз жастарға ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу, ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында тағылымы мол тәрбиелі әңгімелер айтты.
Шара соңында "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Өмірзақұлы ауған соғысының бір топ ардагерлеріне облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамовтың алғыс хатын табыстады.

17 ақпан 2020 ж. 1 234 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 164

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031