Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауған соғысы ардагерлері құрметтелді

Ауған соғысы ардагерлері құрметтелді

Қазалыда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай мәдени шара ұйымдастырылды.
Алдымен шараға қатысушы қонақтар «Тағзым» алаңындағы Ауған соғысы құрбандарына қойылған белгіге гүл шоқтарын қойып, құран бағыштап, құрбан болған майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Салтанатты шарада аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш ерлік пен елдік сынға түскен сәтте Отан алдындағы әскери антына адалдық танытқан жауынгерлердің орны ерекше екенін, олардың ерлікке толы өмір жолдары жас ұрпаққа үлгі екенін айтты.
Шара барысында бірқатар ардагерлер мен білім беру ұйымдарының алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары «Кеңес Әскерлерінің Шектелген Контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Шығарылғанына 35 Жыл» естелік төсбелгісімен және «Үздік әскери оқытушы», «Абыройлы әскери жетекші», «Жауынгерлік бауырластық» сынды медалдармен марапатталды.
Марапаттау рәсімінен кейін «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айдар Әлиев сөз сөйлеп, көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді.
Мәдени шара соңы Әйтеке би кенттік мәдениет Үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
16 ақпан 2024 ж. 238 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 115

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 114

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 111

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930