Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауған соғысы ардагерлеріне арналған шара

Ауған соғысы ардагерлеріне арналған шара

Қызылорда қаласындағы Әскери-техникалық мектебінің курсанттары Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 32 жыл толуына орай осы мектепте қызмет ететін Ауған соғысы ардагерлеріне арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

«Ауған ақиқаты» атты мерекелік іс-шараны тамашалауға Қызылорда қаласы Әскери-техникалық мектебінің директоры Рахметулла Мұхамбетов, әскери-техникалық мектеп ұжымы және «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ауған соғысының ардагері, Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебі бастығының орынбасары Қайраддин Баймаханов пен Қызылорда қаласы Әскери-техникалық мектебінің бас механигі, Ауған соғысының ардагері Станислав Ким қатысты.
Аталған шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып өткізілді.
Мерекелік шараның басы Ауған соғысында қаза тапқан жауынгер қандастарымызды бір минут үнсіз еске алумен басталды. Сосын, мектеп директоры Рахметулла Мұхамбетов сөз сөйлеп, Ауған соғысы ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасылық бақыт тілеп, арнайы дипломдармен марапаттады.
Әскери мектептің осы жылғы алғашқы курсанттары өздерінің көріністерімен, ән салу мен хор айту өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Арнайы дайындаған сыйлықтарын табыстады.
– Біз Ауған соғысында қаза болған жауынгерлеріміз бен достарымызды жиі еске алып тұрамыз. Сол бір қатыгез соғыстың аяқталғанына биыл 32 жыл. Ауған соғысы – еліміз тарихында қалатыны анық. Қаншама жауынгер қандастарымыз қазір ортамызда жоқ. Алайда олардың жасаған ерліктері ешқашан ұмыт болмайды, – деді Ауған соғысының ардагері Қайраддин Баймаханов.
Бүгінгі жастар тарихпен мақтануы керек.Отанды шексіз сүйіп, оны жауларынан жан аямай қорғаған, Ауған жерінде қару асынып, мұң арқалаған жауынгерлерімізді құрметтеу – әр перзенттің парызы.
Мұхит ҚОНАРОВ,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант
19 ақпан 2021 ж. 2 989 1

Franklin от 8 маусым 2025 13:59
Wow many of good information. meilleur casino en ligne Nicely put, Many thanks. meilleur casino en ligne Cheers! I appreciate it. casino en ligne francais Nicely put, Thanks! casino en ligne Perfectly voiced truly. ! casino en ligne Nicely put. Thank you. casino en ligne fiable You actually said this adequately! casino en ligne France Really loads of amazing facts. casino en ligne Kudos. I appreciate it. casino en ligne Very good posts. Thanks a lot! meilleur casino en ligne

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031