Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылық шәкірттер жеңімпаз атанды

Қазалылық шәкірттер жеңімпаз атанды


Қызылорда облысы білім басқармасының Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 19-21 қаңтар күндері мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және облыстық үздік команданы анықтау мақсатында «Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасына сәйкес спорт түрлерінен облыстық іріктеу жарыстары өтті.
Сайыс нәтижесі бойынша үстел теннисінен Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің оқушылары гандболдан ер балалар арасында өткен жарыста Ғ.Мұратбаев атындағы №91 мектеп оқушылары жеңімпаз атанды. Сонымен қатар баскетболдан қыз балалар арасында өткен жарысқа №216 мектептің оқушылары қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.
Бұдан бөлек үстел теннисі бойынша №249 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Сайлаубаев Тимур, №91 мектептің 11 сынып оқушысы Әміржанов Даниял және №216 мектептің 10 сынып оқушысы Ысқақ Үміт үздік атанып, білім басқармасының дипломымен марапатталды.
Облыстық іріктеу жарысында жеңімпаз болған командалар Республикалық жарысқа жолдама алды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
22 қаңтар 2024 ж. 94 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 87

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 136

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 92

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031