Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылар оза шапты

Оқушылар оза шапты

Соңғы бірнеше жыл бойы білім саласын қайта реформалау жүріп жатқанын білеміз. Бұл балаға берілетін білімнің сапасын арттыруға, ұстазға деген лайықты сый-құрметті қайта қалпына келтіруге бағыттылап отырғаны түсінікті. Сонымен бірге телефонға үңілген өскелең ұрпақты спортқа баулу, ұлттық спортпен айналысушылар қатарын арттыру бағыты да назарсыз қалмай келеді. 24-26 ақпан күндері аралығында Қызылорда облыстық білім басқармасының Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен дода соның бір дәлелі десек жарасады.
Мектеп шәкірттері арасында өткен додаға 5-6, 7-8 сынып оқушылары қатысты. Жарыс аясында волейболдан «Шұбар доп», гандболдан «Ұшқыр доп», шахматтан «Ақ боз ат», баскетболдан «Алтын доп», үстел теннисі, асық ату мен бес асық және тоғызқұмалақ спорт түрлері бойынша облыстық іріктеу жарыстарында қатысушылар сынға түсті. «Ұлттық мектеп лигасы» деп аталған сынға ауданнан барған 16 командадан 100-ге жуық оқушы қатысты.
Өңірдің әр жерінен келген жас спортшылар ұжымдық бәсеке мен жекелей жарыста үздік өнер көрсете білді. Облыстық іріктеу жарыстарының нәтижесі бойынша көп ұпай жинаған командалар мәртебе мінберінен табылды.
Атап айтсақ, гандболдан «Ұшқыр доп» 7-8 сыныпта оқитын ер мен қыз балалар арасындағы сайысты №91 мектеп командасы бірінші орын иеленді. Оларды мұғалімдер Д.Бақытбергенов пен Б.Алиасқаров баптағаны айтылды. Сонымен бірге үстел теннисінен өткен 7-8 сынып оқушылары арасындағы жарысқа №182 мектеп командасы қатысып, жеңімпазы атанды. Бұл үшін команда жетекшісі М. Мұхтарұлына айтар алғыс аз емес. Асық атудан 5-6 сынып ер балалар арасындағы кездесуде Ж. Жарекенов жетекшілік еткен №170 мектеп командасы күмістен алқа тақты.
7-8 сынып ер балалар арасындағы осы жарыста М.Үсентайдың тәлімгерлері ,№165 мектеп командасы қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.
Бұдан бөлек, баскетболдан «Алтын доп» сайысында 7-8 сыныптың ер балалары, №249 мектеп-лицей командасы үшінші орынды місе тұтты. Оларды Б.Ізтай мен Қ.Жүкелов біраз уақыт жаттықтырғанын айта кету керек. Ал қыз балалар арасындағы жарыста М.Ұташев, Н.Амангелдінің шәкірттері – №234 мектеп командасы көзге түсіп, ІІІ орынды қанжығалады.
Ал волейболдан «Алтын доп» үшін сайыста Р.Талиевтің №24 мектептен жасақтаған командасы ІІІ орын иеленді. Соңғы бес асық сайысында 5-6 сынып қыз балалары арасындағы додада №134 мектеп командасы үздік үштікті қорытындылады. Жетекшісі Н.Өмірзақовтың үміті осылай ақталды.
Айта кету керек, облыстық жарыста жеңімпаз атанған мектеп командалары республикалық «Ұлттық мектеп лигасы» жарысына жолдама алды.

РинатҚАЙРАТҰЛЫ
28 ақпан 2023 ж. 361 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930