Зерделеу жұмыстары жалғасып жатыр
Аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес өрт қауіпсіздігін алдын алу мақсатында құрылған комиссия мүшелері бүгін Қазалы қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, зерделеу жұмыстарын жалғастырды.
Атап айтқанда, Қазалы қалалық мәдениет үйі, Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, наубайханалар мен аралас заттар дүкені, Қазалы кәмпитін шығаратын цех, Керемет шағын маркеті мен монша, №18 Қазалы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, "Ақерке", "Өрімтал" бөбекжай-балабақшалары, Қазалы аграрлық-техникалық колледжі, Ғ.Мұратбаев музейі қамтылды.
Комиссия мүшелері - аудан әкімінің кеңесші Бахытжан Дүзелбайұлы, Қазалы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алтынбек Сауытбекұлы, аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Ғалым Сматуллаев, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Әйтеке би газ шаруашылығының директоры Қуаныш Қаражанұлы және Қазалы қаласы әкімдігінің орынбасары Уалихан Әуезханұлы анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру қажеттігін ескертті.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі