Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмысшы топ түсіндірме жұмыстарын жалғастырып жатыр

Жұмысшы топ түсіндірме жұмыстарын жалғастырып жатыр


Облыс әкімі Н.Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес аудандағы әлеуметтік нысандарда болуы ықтимал өрт қауіпсіздігінің алдын алу үшін жұмысшы топ құрылған болатын.

Нәтижесінде аудан әкімінің кеңесшісі Бақытжан Дүзелбайұлы, Қазалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алтынбек Қалиев, аудан әкімі аппаратының жұмылдыру және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Ғалым Сматуллаев және тиісті азаматтық қорғау саласының қызметкерлері зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Аталған топ Құмжиек, Қарашеңгел және Басықара ауылдық округтеріндегі әлеуметтік нысандарға арнайы барды.

Атап айтсақ, елді мекендердегі мектеп, мәдениет, балабақша, дәрігерлік амбулаторияға бас сұғып, өрт қауіпсіздігі талаптары сәйкестігіне зерделеу жұмыстарын жасады. Оған қоса, ғимараттардың сыртқы және ішкі санитарлық тазалығына аса мән беру керектігін ескертті.


Сондай-ақ ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшыларына анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру жөнінде ескерту жасады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
28 қаңтар 2024 ж. 548 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 39

Абай күні аталып өтті

15 тамыз 2026 ж. 33

Аналар алқа тағынып...

15 тамыз 2026 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31