Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрт қауіпсіздігі - маңызды мәселе

Өрт қауіпсіздігі - маңызды мәселе


Аудан әкімінің кеңесшісі Бақытжан Дүзелбайұлы бастаған жұмысшы топ Ғани Мұратбаев ауылына арнайы барып, әлеуметтік нысандарда болуы ықтимал өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында түсіндірме жасады.

Аталған топ округтегі білім ордасы, мәдениет, балабақша ғимараттарына аялдап өрт қауіпсіздігі талаптары сәйкестігіне зерделеу жұмыстарын жасады. Сондай-ақ, сыртқы және ішкі санитарлық тазалығына баса назар аударды.

Кейбір кемшіліктер үшін ауылдық округ әкімі мен мекеме басшыларына ескерту жасап, қалпына келтіру жұмыстарын жасау керектігін айтты.

Жұмысшы топ құрамында Қазалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алтынбек Қалиев, аудан әкімі аппаратының жұмылдыру және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Ғалым Сматуллаев және тиісті азаматтық қорғау саласының қызметкерлері де болды.

Айта кетейік, облыс әкімі Н. Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес құрылған жұмысшы топтың жұмысы алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
28 қаңтар 2024 ж. 287 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031