Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала қауіпсіздігі — қаперде

Бала қауіпсіздігі — қаперде


Жуырда аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Оңдасынұлы аудан орталығында жаңадан ашылған №288 орта мектептің ата-аналарымен жиын өткізді. Жиында кенттің әр аумағынан құралған оқушылар арасындағы орын алуы мүмкін кейкілжің, келіспеушіліктің алдын алу мәселесі талқыға салынды. 

30-ға жуық ата-ана жиылған шарада аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы Махаббат Бегалиева сөз алып, жасөспірімдер арасында орын алуы мүмкін тәуекелдер турасында әңгіме қозғады. Сонымен бірге аудандық білім бөлімі жанынан құралған ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Қуанышбаев бала тәрбиесі төңірегіндегі ойымен бөлісті. 


Жиын соңында ауданның бас ұстазы Ә.Жөлекешов ата-аналарды балалардың амандығына, олардың қауіпсіз ортада білім алуына жұмыла атсалысуға шақырды. Бірлескен істе береке барын алға тартып, тәрбиеге тереңірек көңіл бөлу керек екенін еске салды. 

#Қазалыбілім 
#Қазалыақпарат 
#тәрбиебілім
28 қаңтар 2024 ж. 270 0

30 қыркүйекке валюта бағамы

30 қыркүйек 2026 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031