Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасөспірімдер жайы алаңдатады

Жасөспірімдер жайы алаңдатады

Өткен жылы мектеп оқушыларының қатысуымен орын алған құқықбұзушылық саны айтарлықтай кеміді. Дегенмен мектеп жасындағы балаларға қатысты қылмыстық әрекеттер орын алғанын жоққа шығаруға болмайды. Сол себепті балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында білім саласы құзырлы органдармен бірлескен жұмыстарды іске асырып келеді. Аудандық білім бөлімінде 2022 жылдың қорытындысы бойынша құқықбұзушылық, топтық төбелес, әлімжеттік, суицид, зорлық-зомбылық, кибербуллинг, қаңғыбастық оқиғаларымен күрес бойынша және алдағы жоспарларды талқылау мақсатында ведомствааралық мәжіліс шақырылды.
Соңғы уақытта балалар мен жасөспірімдерге берілетін тәрбиеге, бағыт-бағдар беру мәселесі күрделеніп барады. Соның салдарынан жеткіншектердің тәртібі қиындап, құқықбұзушылыққа бейім болады. Мұны толықтай тоқтату мүмкін болмаса да, теріс әрекетке бейім балалар санын айтарлықтай қысқарту жұмысы лайықты нәтиже беруі тиіс. Жиынды бастап, сөз алған аудан прокуроры Дарын Әбіш осылай деді. Ізін ала аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов мемлекет басшысы білім саласындағы адам капиталын дамытуға басымдық беріп отырғанын тілге тиек етіп, былтыр осы бағытта атқарылған толағай тірлік төңірегінде баяндама жасады.
– Балаларға лайықты тәлім-тәрбие беруде аудан ұстаздары аянып қалып жатқан жоқ. Бірақ бұл мектеп оқушыларының қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алмайтынын түсінуіміз керек. Осы орайда білім ордаларында балаларға бақылау күшейтіп, алаңсыз білім алуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен өткен оқу жылында білім бөліміне қарасты 30 мектепке турникет, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласындағы 13 мектепке дабыл қондырғысы орнатылды.
Бөлімге қарасты 37 мектеп, 19 мемлекеттік, 12 жеке балабақшаның барлығы түгелдей бейнебақылау камерасы қондырылды. Қазіргі күні білім ордаларында 200-ден астам ішкі, 157 сыртқы камера құрылғысы жұмыс істеп тұр. Сәйкесінше, 29 мектептің бейнебақылау желісі аудандық полиция бөліміне қосылған. Сонымен бірге білім беру ұйымдары толықтай ішкі жылы әжетханалармен қамтылған, – деді Әділхан Оңдасынұлы.
Ауданның бас ұстазы бұдан бөлек жасөспірімдердің беймезгіл уақытта көшеде жүруді әдетке айналдырғанына қынжылыс білдірді. Бұл ең алдымен отбасындағы тәлім мен түсіністіктің толықтай қалыптаса қоймағанының көрінісі екенін ашық айтты.
– Жалпы жоспар аясында білім беру ұйымдарындағы ерікті жасақшылар тобы 2022 жылы аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып, «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» деген атаумен 80-нен астам қоғамдық рейд ұйымдастырды. Бұл істі ерікті ұстаздар мен сала қызметкерлері уақытпен санаспай атқарып жүр. Дегенмен бұған да қарамастан беймезгіл уақытта ата-аналары немесе заңды өкілдерінсіз оқушылардың көше кезуі толастамай тұр.
Мектеп, отбасы және қоғамдастық арасындағы өзара түсіністік, әртүрлі проблемаларды шешуге бірлесе ұмтылу, жас тұлғаның тәрбиесінің түзелуіне әсер етпей қоймайды. Білім бөлімі мен мектеп басшылығы тарапынан оқушылардың азамат болып қалыптасуына қаншама күш-жігер жұмсалып жатыр. Бірақ тәрбиенің негізі тал бесікте екенін ескерсек, үйдегі үлкендердің балаға бағыт-бағдары бәрінен биік әрі шешуші рөл ойнайтынын түсінеміз. Сондықтан далаға ауған бала көңілге бөлінетін уақытты қыспауымыз керек, – деді Ә.Оңдасынұлы ата аналар мен комитет төрағаларына бағыттап.
Қуана хабарлауға болады, былтыр ауданда өз-өзіне қол жұмсау, балалар арасындағы ұрлық пен ауыр қылмыс мүлдем орын алған жоқ. Бұл оның алдыңғы уақыттағы оқиғалардан сабақ алып, нәтижелі жоспар негізінде бірлескен істің жемісі десек жарасады. Басқа құқықбұзушылық пен тәртіпсіздік жайында жиын қатысушылары алдында жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Мархабат Бегалиева баяндап берді.
Бұдан кейін ойталқысын ортаға салған Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің ата-аналар комитетінің төрағасы Кемал Көпжасар отбасылық тәрбие институты жайында сөз қозғады. Оның айтуынша, қазіргі күні бала тәрбиелейтін ата-әжелер азайған. Бұдан бөлек үлкендердің жұмысбастылығы жеткіншек келешегіне кері әсерін тигізіп отыр.
Жиын соңында мәселе көтерген Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің директоры Ләззат Ісбасқан соңғы уақытта 5 квартал аумағында топтық төбелес өршігенін айтып, жеткіншектер қаңғыбас иттердің шабуылына ұшырай ма деп қауіптенетінін жеткізді.
Аудан прокуроры Дарын Әбіш баяндамашылардың ұсыныс-пікірлері ескерусіз қалмайтынын еске салып, ағымдағы жылы балалар арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау бағытында бірқатар жоспарымен бөлісті.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
07 қаңтар 2023 ж. 511 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031