Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде қызылшамен ауырғандар саны төмендеді

Елімізде қызылшамен ауырғандар саны төмендеді

Фото: © Shutterstock.com
Қазақстанда вакцинациялау нәтижесінде қызылшамен сырқаттанушылық төмендеді. Яғни, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар қызылша инфекциясымен күресте оң динамикаға әкелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық министрлігінің мәліметінше, қаңтардың соңғы үш аптасында аурудың төмендеуі байқалады. Қаңтар айында сырқаттанушылық өткен жылғы желтоқсанның ұқсас кезеңімен салыстырғанда ел бойынша 8%-ға төмендеді. Қосымша жаппай иммундау шеңберінде 6-10 айлық балалардың 70%-дан астамы, сондай-ақ 2-4 жас аралығындағы балалар егілді. Яғни, миллионнан астам халық вакцинацияланды.

1 жастағы балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялаумен қамту 100,7%-ға дейін, ал 6 жастағы балаларды ДДҰ ұсынған 95,5%-дан кем емес деңгей кезінде 99,6%-ға жетті. 27 мыңнан астам бұрын егілмеген, бірақ байланыста болған адамдардың ошақтарында шұғыл вакцинациялау жүргізілді. Бұрын вакцинациялауды өткізіп алған 18 жасқа дейінгі 178 мыңнан астам бала егілді. Жалпы халықты жоспарлы вакцинациялаумен, қосымша жаппай иммундаумен, репродуктивті R санымен, сондай-ақ тіркелген жағдайлардың санымен қамту көрсеткіштері бойынша елдегі қызылша бойынша жағдайдың тұрақтанғанын атап өтуге болады.

Бүгінгі таңда қызылшамен ауыратын балаларды емдеуге жатқызудың оң үрдісі байқалады. Сонымен 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда емдеуге жатқызу деңгейінің 25%-ға төмендеуі байқалады. Төсек қорының орташа қамтылуы ел бойынша 52%-ды құрайды.

Астана қаласында, Ақмола, Павлодар және Жамбыл облыстарында төсек-орынмен қамтудың орташа деңгейінен жоғары деңгейде сақталуда.
Министрлік барлық жағдайы ауыр балаларға мониторинг жүргізеді. Қажет болған жағдайда республикалық деңгейдегі түрлі бейіндегі мамандарды тарта отырып, телемедициналық консультация өткізеді. Сонымен қатар біз ата-аналардың назарын балаларда қызылшаға қарсы екпелердің болуына аударамыз. Вакцинациялау болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымда екпе алу жөнінде шаралар қабылдауды ұсынамыз делінген министрлік мәліметінде.

Егер аурудың белгілері пайда болса, асқынуларды болдырмау және басқаларға жұқтырмау үшін уақтылы медициналық көмекке жүгіну қажет. Егу және аурудың алдын алу немесе аурудың ағымын жеңілдету қызылшаның ауыр түрімен ауыру қаупінен гөрі оңайырақ.
24 қаңтар 2024 ж. 119 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930