Қазақстанда қызылшаға шалдыққандардың 55 пайызы - жастар

«2020 жылдың бес айында 2019 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда қызылшамен сырқаттанушылықтың 2,8 есе төмендеуіне қол жеткізілді. Бұл мақсатта 9-10 айлық балаларға қосымша вакцинация жүргізілді. 260 мыңнан астам бала егілді. Бұл, осы жас тобындағы сырқаттанушылықты 2,5 есе төмендетуге мүмкіндік берді. Бұдан басқа, ауырған ересектер арасында 55 пайыздан астамы 20-29 жас аралығындағы топ екенін ескере отырып, осы жас тобына қызылшаға қарсы қосымша вакцинация жүргізілді, 1 759 459 адам егілді»,- деді ЛәззатАқтаева.
Оның атап өтуінше, елімізде менингитке шалдығу азайды.
«Қазақстан Республикасында менингококк инфекциясымен сырқаттанушылықтың орташа көп жылдық деңгейінің көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 2,1-ді құрайды. Бұл ретте, қазіргі уақытта Қазақстанда сырқаттанушылық деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 0,15-ті құрап отыр. Бұл шекті деңгейден 14 есе төмен. Жылдың өткен кезеңінде сырқаттанушылық өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сол деңгейде сақталып отыр. Сонымен бірге Шымкент қаласында ауру санының 2-ден 6 жағдайға дейін ұлғайғаны байқалады», - деді ол.