Тәрбиешілер тәжірибе алмасты
№ 21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасында мектепке дейінгі ұйым мамандарына ізденімпаз, шығармашыл педагогтердің іс-тәжірибелерін тарату мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу мен оқыту үшін баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын әрекет түрлерінде ойын арқылы қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинарға аудандағы мемлекеттік, жеке балабақшалардан 80-нен астам педагог қатысты. Оған Қазалы аудандық білім бөлімі жанындағы кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Раман, аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Л.Ізбасар және « Мектепке дейінгі білім беру ұйымының» әдіскері Л.Махамашова қатысып, ұжымға сәттілік тіледі.Бағдарламаға сәйкес балабақшаның таныстырылымынан кейін балабақша меңгерушісі Ж.Коланова тәрбиеші,педагог-мамандарға сәтті қадам тіледі.
Семинардың алғашқы шымылдығын балабақша тәрбиешілері Б.Сержанова, А.Жолмырзаева, Р.Алгазиева, А.Бауыржан балалардың жас ерекшеліктеріне сай кіші, ортаңғы, ересек, мектепалды топтарында ойын, зерттеу, таным, әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру бойынша ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттерді көрсетті.
Бұдан бөлек, үйірме жетекшілері Меруерт Шапихова «Әнші балапан» вокал және хор үйірмесінен «Музыкадағы менің әлемім», тәрбиеші Сәбира Тұрғанбай «Қызықты робототехника» робототехника үйірмесінен «Ойын – ой-өрісің», Қазмамбетова Таттігүл «Алақай,балақай» қуыршақ үйірмесінен «Ит қалай өзіне дос іздеді?», Көзімай Бауыржан «Зерек балақай» шахмат үйірмесінен «Алғашқы қадам», Нұргүл Нұрылла «Алтын сақа» асық үйірмесінен «Кел достым асықпен ойнаймыз» тақырыптарында жылдық жоспарға сәйкес үйірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен біргебалабақшаның психолог маманы М.Мейрамбек еркін форматта «Психология-көңіл-күй әлемі тақырыбында психолог, тәрбиешілермен тренинг, логопед маманы А.Нұрдәулет «Кеше.Бүгін.Ертең» тақырыбында тәжірибе алаңы, Б.Көзімай «Бәрекелді! Жарайсың!» тақырыбында ата-аналар мен тәрбиеленушілер арасында отбасылық эстафеталық жарыс ұйымдастырды. Бұдан бөлек Г.Жолмырзаева балабақшадағы «Асыл әжем» Әжелер клубы мүшелерімен «Үштік одақпен үш қадам» тақырыбында әжелер, немерелер, тәрбиешілерді қатыстырды және тәрбиеші Г.Оразымбетова семинарға қатысушы педагогтермен «Ізденіс.Даму.Нәтиже» тақырыбында Коучинг ұйымдастырып іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында шараға қатысқан МДҰ мамандары өздерінің пікірлерін білдіріп, ашық жұмыс көрсеткен педагогтерге шығармашылық табыс тіледі.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ