Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тоғандары тазартылды

Су тоғандары тазартылды

Қоршаған ортаны, оның ішінде табиғи ресурстарды көз қарашығындай қорғау – әрбір азаматтың рухани парызы.
Осыған орай жер-жерде экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған «Бірге – Таза Қазақстан» акция апта сайын өткізілуде.
Игі бастама ауылдың экологиялық жағдайының жақсаруына елеулі үлес қосып келеді. Тазалық шаралары кезінде Қазалы қаласы мен Ақтан батыр ауылының аралығындағы Жұбатқан су тоғаны, Аташ су тоғанының айналасы қоқыстан тазартылды. Сонымен бірге аудандық маңызы бар күре жол маңайы ретке келтірілді.
Экологиялық акция барысында Ақтан батыр ауылынан Сақыбай су тоғаны аралығындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жою қолға алынбақ. Осыған орай Көларық ауылдық округі әкімінің аппараты Ақтан батыр ауылының тұрғындарын алдағы сенбіде тазалық акциясына белсенді түрде қатысуға үндеуде.
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
07 тамыз 2019 ж. 1 778 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 152

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031