Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлумен емдейтін «Інжу»

Ұлумен емдейтін «Інжу»

Қазір қыз-келіншектер сұлулық салондарына жиі барады. Сондай- ақ, мұндағылар да бұрын-соңды болмаған қызмет түрлерін ұсынып, тұтынушылар талғамын тап басуға тырысады.
Мәселен, Әйтеке би кентінде орналасқан «Інжу» сұлулық салонында косметикалық мақсаттарға ұлу жәндігі қолданылуда. Салон қызметкері Жақсыгүл Ержановамен сұхбаттасу барысында бұл жәндіктің қандай қасиеті бар екендігін білдік.
Жақсыгүлдің айтуынша, косметикалық қызметтің бұл түрі Алматы мен Астанада дамыған. Бізге келгеніне көп уақыт бола қойған жоқ. Қолданылатын жәндік ғылыми тілде «Алып ахатина ұлуы» деп аталады. «Алып» дейтін себебі бұл кәдімгі ұлулардан ірілеу, орташа алғанда денесі 5-10 сантиметрді құрайды. Отаны – Африканың шығыс аумағы, бірақ оны бүгінде барлық елдерден кездестіруге болады. Мұны негізінен үй жағдайында өсіреді, косметикада пайдаланады.
Ұлудың бауырынан сілекей бөлінеді, оның құрамында теріні жасартып, жаңартуға пайдалы заттар бар. Осы заттар мен ұлудың баяу қозғалысы теріге жағымды әсер етіп, ондағы қан айналымын жақсартады, сол арқылы бөртпе, безеу, дақ, әжім, тыртықтардың ізсіз жойылуына әсер етеді. Оның май жиналуынан болатын целлюлитке де қарсы шипасы бар.
Бетке ұлуды қоярда денесін тазартып, залалсыздандыру керек. Бет терісі де алдын-ала тазартылғаны жөн. Бес-алты ұлу 20-30 минут қойылады. Олар ақырын жылжи отырып, бауырынан сілекей бөледі. Кейін сілекейді бетке толықтай жағады, ол бет терісін «пленка» сияқты жабады. Оның кебуін күтіп, 10-15 минуттан соң жылы сумен шайып тастайды. Мамандардың айтуынша, емделуші күн астына шығар кезде бетке оның зиянды сәулесінен қорғайтын крем жаққаны дұрыс.
Бұл салонда ұлулардың бірнеше данасы бар екен. Ал оларды күтіп-баптау аса қиын емес көрінеді. «Ұлуларға азыққа сәбіз, шөптер, жасыл салаттар, қияр, алма, банан және басқа да көкөніс-жемістер турап беремін. Қияр мен жасыл салаттарды көбірек жейді, өйткені олар шырындылау, оның үстіне құрамында косметикада қажетті витамин, минералдар бар. Тек қышқыл нәрселер бермеу керек. Басқа да сақтық шараларын қолданамын. Денесін таза ұстап, залалсыздандыру мақсатында жиі шомылдырып тұрамын. Тұншықтырып алмас үшін аса мұқият қимылдау керек. Мұның бар күтімі осындай, аса күй талғай бермейді. Тамағы тоқ, ұйқысы тыныш болса, арнайы ыдыстың ішінде алаңсыз жайылып жүре береді», – дейді .
«Бетіме безеу жиі шығады. Қымбат маскалар мен кремдер жақтым. Түрлі косметикалық тазалау тәсілдерін қолдандым. Алайда, ойдағыдай нәтиже болмады. Сөйтіп жүргенде бір құрбымнан «Інжу» сұлулық салонында «улиткотерапия» әдісімен емдейтінін естіп, келдім. 5 мәрте ұлу қойдырғаннан кейін-ақ бетімнің терісі жақсарды. Бет терісі сергіп, нәрленеді» – деген тұтынушы Айзада қыз-келіншектерге ұлумен бет тазартуға кеңес береді.
Қысқасы, жұрттың айтып жүрген «улиткотерапиясы» біздің ауданда да кеңінен таралуда. Бүгінде «ұлу терапиясынан» өтуші қыз-келіншектердің қатары күн санап артып келеді екен.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
19 маусым 2018 ж. 5 607 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930