Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бастауыш партия ұйымдарының жұмысы жанданады

Бастауыш партия ұйымдарының жұмысы жанданады


Бүгін «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ғазиз Әліш партия филиалында бірқатар білім беру саласындағы бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен және партиялық топ жетекшілерімен кездестi.

Жиында ең алдымен филиал төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауына тоқталып, жаңа
белестерді бағындыруға жетелейтін бастамаларды бірге іске асыруға шақырды.

Мұнан соң еркiн пiкiр алмасу форматында өткен жиында бастауыш партия ұйымдарының қызметiн одан әрi жандандыру мәселелерi сөз болды.

- Бүгінде дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан «AMANAT» партиясы ел аумағында атқарылып жатқан барлық іргелі істерге ұйытқы болып келеді. Мелмекет басшысының кезектен тыс өткен партияның XXII Съезінде саяси ұйым жұмысын жаңғырту бойынша тапсырмалары аясында нәтижелі жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстар партияның негізгі тірегіне, шынайы күшіне айналған бастауыш партия ұйымдарында да жүргізіліп, өз жалғасын табуда. Осы орайда бүгін сіздермен бастауыш ұйымдардың жұмысын әрі қарай жандандыру, осы бағытта сiздер тарапынан тың ұсыныстар мен идеяларды ортаға салып, ашық пiкiр алмасу үшін жиналып отырмыз, -дедi Ғазиз Әлмәмбетұлы.

Өз кезегінде партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев сөз алып, бастауыш ұйымдарының қызметiн одан әрi жандандыру бағытында алда атқарылуы қажет жұмыстар жөнінде хабарлама жасады.

Жиын қорытындысымен хабарлама негізінде бастауыш партия ұйымдарымен тығыз қарым-қатынасты өрiстетуге жол ашатын бiрқатар тапсырмалар жүктеліп, iс-шаралар белгiлендi.

#AMANAT
06 қыркүйек 2023 ж. 237 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031