Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 14,6 мың шетел азаматы жұмыс істейді

Елімізде 14,6 мың шетел азаматы жұмыс істейді

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 571 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды egemen.kz
Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 527 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 732 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 6 322 және 727 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 956 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 307 адам тартылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 424 жұмыс беруші бар. Оларда 474,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,9%-ы.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 986 адам (34%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 867 адам (12,7%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 359 адам (9,3%), өңдеу өнеркәсібі – 1 219 адам (8,3%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 907 адам (6%).
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 771 адам (26,2%), Өзбекстан – 2 002 адам (13,3%), Түркия – 1 370 адам (9,2%). Үндістан – 1 363 адам (9,4%),
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.
27 қыркүйек 2023 ж. 159 0

Бұлқынған бойда бұла күш

17 қыркүйек 2024 ж. 21

Ызғарлы түн

17 қыркүйек 2024 ж. 16

Шешімін тапқан шаруа көп

17 қыркүйек 2024 ж. 18

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30