Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етеді

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 657 жұмыс беруші бар. Оларда 402 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды. Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі: Қытай – 3 530 адам, Түркия – 1 492 адам, Үндістан – 1 119 адам, Ұлыбритания – 882 адам, Өзбекстан – 593 адам.
Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.