Бюджет 3 миллион теңгеге ұлғайды
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 20-шы сессиясы өтті. Сессия жұмысына сондай-ақ ҚР Премьер-Министр кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы Марат Сұлтанғалиев пен Батыс Қазақстан облысы делегациясының мүшелері қатысты. Сессияға Кенжебек Үйреков төрағалық етті. Алғашқы мәселе – «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №157 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова хабарлама жасады.
Басқарма басшысы бюджет түсімдерінің арқасында облыстық бюджет 3 млрд 126 млн теңгеге ұлғайып отырғанын жеткізді. Соның нәтижесінде соңғы өзгертуде 219 млрд теңгені құраған облыстық бюджет көлемі 222,4 млрд теңгеге жетіп отыр. Сессиядан бір күн бұрын өткен тұрақты комиссия мен «Нұр Отан» партиясы депутаттар фракциясының бірлескен отырысында депутаттар бюджеттің нақтылануына байланысты кеңінен талдау жасап, өз сұрақтарына тұшымды жауаптар алған болатын. Ал депутат Райкүл Байназарованың Қармақшы ауданындағы балалардың жазғы тынығу лагеріне күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі ұсынысы жазғы демалыс басталып кетуі себепті келесі жылдың жоспарына енгізілетіні айтылды.
Сессияда сол секілді жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы мөлшерінің өзгеруі, донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асырғаны үшін донорларға қосымша көтермелеу мөлшерлерін беру секілді мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер шығарылды. Мұнан соң, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, делегация басшысы Ғабидолла Оспанқұлов сөз алып, бұған дейін Орал өңірінің дамуына орасан үлес қосқаны үшін Қырымбек Елеуұлы Көшербаевқа «Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімді таныстырды. Осы орайда делегация басшысы БҚО-ның әкімі Алтай Көлгіновтің құттықтауын оқып берді.
Аймақ басшысы батысқазақстандықтардың құрметіне ризашылығын білдірді.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ,
«Сыр бойы».