Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерекше балалар ескерусіз емес

Ерекше балалар ескерусіз емес

Жуырда ауданда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Amanat» партиясының аудандық филиалы қолдауымен білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылар арасында «Бақытты бала – бейбіт елдің тірегі» атты тимбилдинг өтті.
Мақсаты – ойын-жаттығулар арқылы балаларды ептілікке, шапшаңдыққа, бірлесе отырып ұжыммен жұмыс жасауға үйрету. Сондай-ақ, өзін құрметтеуге, жеке тұлға болып қалыптасуға тәрбиелеу.
Басқосуда аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов сөз алып, бүлдіршіндерге аудан әкімінің ыстық ықыласын жеткізді.
Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов пен «Аmanat» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев балғындарды мерекемен құттықтады.
Шараға қатысқан 50-ге жуық бала қызықты ойындар ойнау арқылы 3 топқа бөлініп, өзара мықтыларды анықтады.
Мұнан соң білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Қазалы ауданы әкімінің
баспасөз қызметі
03 маусым 2023 ж. 646 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31