Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарды қажылыққа апаратын әуе компаниялары таңдалды. Арасында отандық тасымалдаушы жоқ

Қазақстандықтарды қажылыққа апаратын әуе компаниялары таңдалды. Арасында отандық тасымалдаушы жоқ

Биыл 4 мың адамды Сауд Арабиясына Flynas, Jazeera және Turkish Airlines әуе компаниялары тасымалдайды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қажылық бөлімі биыл қазақстандықтарды қажылыққа тасымалдайтын әуе компаниялары нақтыланғанын хабарлады. Байқауға Кувейттің Jazeera, Біріккен Араб Әмірлігінің Air Arabia, Түркияның Turkish Airlines және Сауд Арабиясының Flynas әуе компаниялары қатысып, олардың ішінде үшеуі іріктеуден өтті.
ҚМДБ мәліметінше, ең арзан билеттерді Jazeera компаниясы ұсынған болса, Flynas қызметі қажыларды тікелей рейспен жылдам жеткізуге арналған.
"Ал әлемнің озық үлгіде қызмет көрсететін әуе компанияларының қатарына кіретін Turkish Airlines әуе компаниясы жайлылықты қалаған қажыларымыз үшін таңдалды", – делінген діни басқарма хабарламасында.
Қажылыққа баратын қазақстандықтар Астана, Алматы, Түркістан және Ақтау қалаларынан ұшаққа отырып, Мекке (Жидда) және Медине қалаларына жеткізіледі.
11 мамыр 2023 ж. 293 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031