Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отандық туроператорлар қажылыққа туристік визамен апаруды тоқтатуды сұрады

Отандық туроператорлар қажылыққа туристік визамен апаруды тоқтатуды сұрады

2023 жылға қазақстандықтар үшін 4 мың квота бөлінген, қажылыққа апарумен 18 туркомпания айналысады.
2023 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыруға арналған жиында биыл қазақстандықтарды қажылыққа апаратын туроператорлар ҚМДБ мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің басшылығынан туристік виза арқылы қажылыққа адам апару ісіне тосқауыл қоюды сұрады.
Олардың айтуынша, 2022 жылғы қажылық маусымында кейбір турфирмалар туристік виза арқылы бірнеше азаматты Сауд Арабиясына алып барып, халықты әуре-сарсаңға салған. Мұндай қажылық әрі заңсыз, әрі оның шариғи негізі дұрыс болмайды. Қазақстандықтарды қажылыққа апаруға рұқсаты жоқ компаниялар арзан баға ұсыну арқылы қазақстандықтарды өзіне тартады.
Сондай-ақ, жиында "Қажылық-2023" маусымына дайындық шараларының ертерек басталатыны айтылды. Соған орай, туроператорлар қажылыққа ниет еткен азаматтардың Рамазан айының соңына дейін тіркелуін қамтамасыз етіп, сәуір айының аяғына дейін электронды жүйе арқылы алынатын Мекке мен Мәдина қонақүйлері, Мина, Арафат төлемдерін жасауы қажет.
15 ақпан 2023 ж. 504 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 116

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 107

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30