Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде дәрі-дәрмек қымбаттамақ: Фармацевтер алаңдаулы

Елімізде дәрі-дәрмек қымбаттамақ: Фармацевтер алаңдаулы

Елімізде бірқатар ерітінді мен жақпа майлардың және дәрі-дәрмектің бағасы қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz.

Отандық фармацевтер осылай деп дабыл қағуда. Себебі шетелден жеткізілетін фармацевтикалық субстанцияларды Қазақстанда тіркеу талабы енгізілгелі отыр. Өкінішке қарай, қазір дәрілік қоспалардың ешқайсысы елімізде өндірілмейді. Дені Еуропа, Қытай және Ресейден тасымалданады. Халықаралық сертификаттары бар. Егер оны Қазақстанда қайта тіркесе, біріншіден қымбатқа түседі, әрі бұл ұзақ уақытты алады. Әсіресе, препаратты өздері жасайтын дәріханалар үшін қиынға соққалы отыр. Себебі олар шикізатты аз мөлшерде алады. Қазір республикада ондай дәріханалардың саны 126.

“Егер жаңа талапты енгізетін болса, біз амал жоқ, жабыламыз. Себебі Қазақстанда субстанцияның бағасы бірден шарықтайды. Ал ол жағдайда жұмыс істеу мүмкін емес. Сырттан жеткізілетін әр шикізатты заң жүзінде тіркейтін болсақ, біздің есебіміз бойынша шамамен құны 5 есеге қымбаттайды”, – деді фармацевтикалық компания директоры Ольга Цейц.

Ал ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің басқарма басшысы Эрик Құлшановтың айтуынша, фармацевтердің алаңдауына әзірге еш негіз жоқ.

“Әлі бұл талап енгізілген жоқ қой. Қазір қоғамдық тыңдау өтіп жатыр. Бизнес қауымдастықтың зардап шекпеуіне біз де мүдделіміз. Сондықтан бұл талапты алып тастауымыз да мүмкін”, – деді ол.
01 сәуір 2023 ж. 197 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 202

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 138

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031