Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға дәрі-дәрмек қай елдерден келеді

Қазақстанға дәрі-дәрмек қай елдерден келеді

Елімізде негізгі фармацевтикалық тауар мен препараттар өндірісінің өсуіне қарамастан халыққа көбіне импорттық дәрілік заттар ұсынылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мысалы, импорттық антибиотиктердің үлесі 2021 жылы 85,2%, ал продәрумендер, дәрумендер және олардың басқа түрінің үлесі 100% болды. Energyprom.kz-тің зерттеуінше, 2021 жылы Қазақстанға 1,1 миллиард долларға 21,7 мың тонна дәрі әкелінді. Ресейдің үлесіне көлемнің үштен бірінен астамы тиесілі: 7,6 мың тонна дәрі-дәрмек келген. Бірақ қаржылай жағынан ол небәрі 8,3% немесе 92,7 млн АҚШ долларына тең.
ТМД елдерінің ішінде Ресейден басқа Қазақстан үшін дәрі-дәрмектің негізгі жеткізушілері – Украина мен Беларусь. 2021 жылы Украинадан 22,4 миллион долларға 879 тонна дәрі-дәрмек импортталды. Оның үстіне дәрі-дәрмек – Қазақстан үшін Украинадан импортталатын негізгі өнім топтарының бірі. Беларусь 13,3 миллион долларға 863,8 тонна дәрі-дәрмек импорттады.
Елімізді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін ТМД-ға кірмейтін негізгі елдерге келетін болсақ, олар – Үндістан, Германия және Қытай.
Биыл қаңтар айында Қазақстанда негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттарды өндіру көлемі 11,1 млрд теңге болды.
Фармацевтикалық өнімдер мен дәрі-дәрмек бағасы бір жыл бұрынғы 10%-ға қарағанда 3%-ға қымбаттады. 
Кейінгі бір жылда Хилак Форте (42,1%-ға), ацикловир (12,3%-ға), Essentiale Forte N (11,4%-ға), No-shpa (10,1%-ға) және басқа да препараттардың бағасы өсті. Бұл ретте парацетамол мен Нурофеннің (14,3%-ға), сонымен қатар ацетилсалицил қышқылының (9,5%-ға) бағасы айтарлықтай төмендеді.
05 наурыз 2022 ж. 991 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 148

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031