Үздік бейнеролик анықталды
Кеше Қызылордада мемлекеттік қызметке 20 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметшілер әулеті» тақырыбында үздік бейнероликтен мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген конкурстың жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында облыстағы мемлекеттік қызмет династияларын таныстыру.
Конкурс нәтижесі бойынша жүлделі орынды иеленді. 1 орын – Әбиев Әліби Берікұлы, Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің әкімі, 2 орын – Сатекеев Мейрамбек Қасымұлы, Арал ауданы Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 3 орын – Тұрғанов Мұратбек Абдраманұлы, Қармақшы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі, Жеңімпаздарды марапаттау барысында департамент басшысы Абзал Мұхимов өскелең ұрпақтың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырып, отбасы мүшелерінің ізін жалғастыру, халыққа адал қызмет ету, мемлекеттік қызметті абыроймен атқаруды дәріптеу туралы және мемлекеттік қызметшілердің ерең еңбектерін елеу мақсатында алда әлі талай іс-шаралар ұйымдастырылатынын айтып өтті. Конкурс 2018 жылдың 16-19 наурыз аралығында өтті. Конкурсқа қатысуға қалалық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерден 8 сұраным түсті. Мемлекеттік қызметшілермен өз отбасы туралы әңгімеленген бейнероликтер ұсынылды. Барлық бейнероликтер Департаменттің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланып, жеңімпаздарды фейсбук жазылушылары ашық дауыс беру арқылы анықтады. Конкурстың жеңімпаздары мен қатысушыларына грамоталармен естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, осы сәтті пайдалана отырып, департаментпен ұйымдастырылатын іс-шаралардың жоғары деңгейде өткізілуіне өз үлестерін қосып жүрген азаматтарда департамент басшысының алғыс хатымен марапатталды.