27 градус жылы және жауын-шашын: 20 сәуір Қазақстандағы ауа райы белгілі болды
"Қазгидромет" 20 сәуірде Қазақстанның түрлі өңірлерінде ауа райы қандай болатынын мәлімдеді деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Астанада бейсенбіде жауын-шашынсыз ауыспалы бұлтты күн байқалады. Кейде тұман. Көктайғақ болады. Оңтүстік бағыттағы жел – секундына 2-7 метр. Ауа температурасы – түнде 13-15 аяз, күндіз 1-3 жылы.
Алматыда бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел – секундына 0-5 метр. Ауа температурасы – түнде 0-2, күндіз 11-13 жылы.
Шымкентте жауын-шашынсыз, бұлт аз. Шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы – түнде 3-5, күндіз 18-20 жылы.
Ақмола облысында жауын-шашын жоқ. Оңтүстік бағыттағы жел – секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде -6 аяз. Көкшетауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашын жоқ. Оңтүстік бағыттағы жел – секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 аяз, күндіз 10-12 жылы.
Алматы облысында түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында тұман болады. Солтүстік-шығыс жел – секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы. Қонаевта ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 11-13 жылы.
Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 3-8, күндіз 15-20 жылы.
Күндіз Атырау облысының батысында аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 18-23 жылы.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Ақтауда бұлт аз, жауын-шашынсыз. Шаңды дауыл. Түнде температура 10-12, күндіз 22-27 жылы.
Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде 1-6, күндіз 13-18, облыстың шығысында 10 жылы.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде түнде жауын-шашын, күндіз жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында найзағай болады. Облыстың оңтүстігінде тұман бар.
Шығыс Қазақстан облысында түнде шығыста аздаған қар жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман.