Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күнкөріс пен табыс арасы алшақтауы тиіс

Күнкөріс пен табыс арасы алшақтауы тиіс

Елдің ішкі мәселелері уақыт ағынына сай шешімін тауып келе жатқанын көріп отырмыз. Дегенмен халықтың табысы күнкөріс деңгейінен алшақтамай Жаңа Қазақстан құру мүмкін емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы жайтқа көбірек мән бергені көңілден шықты.
Ел Президенті соңғы жылдары халықтың табысы біртіндеп өскенін, былтыр бұл өсім 5 пайыз шамасында болды. Бірақ, Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында жұрттың табысы орташа республикалық деңгейге жетпейтіні рас. Бұл көрсеткіш Алматы және Шымкент қалаларында да төмен. Ал, Қызылорда облысында халықтың табысы тіпті азайып кетті. Биыл мамыр айында азаматтардың нақты табысының көрсеткіші минус 2,9 пайыз болды. Мұндай құлдырау көптен бері болған емес. Президент, қызылордалықтардың көкейіндегіні дөп басты.
Үкімет жат жердегі қандастарды, ішкі еңбек қажеттілігі мен жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендетуге шындап кіріседі деп сенемін. Өйткені Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалуы тиіс. Осы бағыттағы тірлік барынша тез болса, өмір сүруге қолайлы алдыңғы қатарлы елдердің тізіміне кіреріміз анық. Әрі-беріден соң, ел азаматтарының ұлтжандылығы мен еңбексүйгіштігі артып, экономикамыз
едәуір ілгерілер еді.

Нәби ҮРГЕНІШБАЙ,
зейнеткер
14 шілде 2022 ж. 745 0

Тымақтағы тылсым қасиет

13 маусым 2026 ж. 82

Тиімді кәсіп көздері

13 маусым 2026 ж. 83

Батагөйлер байқауы өтті

13 маусым 2026 ж. 72

Ел тілегі ескерусіз емес

13 маусым 2026 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930