Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим енгізеді

Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим енгізеді

Тиісті келісімге мамыр айында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қытайға сапары барысында қол қойылады деп күтілуде, деп хабарлайды baq.kz
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қаулы жобасында Қазақстан мен Қытай өз азаматтары үшін өзара визасыз режим енгізеді деп көрсетілген.
Визалық талаптардан өзара босату екі ел арасындағы үкіметаралық келісімде қарастырылған. Сыртқы істер министрліктері басшыларының келісімге қол қоюы 18-19 мамырда Қытайдың Сиань қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.
Келісімге сәйкес, қазақстандықтар Қытайда визасыз, ал оның азаматтары Қазақстан аумағында шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен және 180 күндік мерзімде 90 күннен аспайтын мерзімде визасыз жүре алады.
Келісімге қол қою Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға серпін береді, - деп атап өтті ведомство.
12 сәуір 2023 ж. 501 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 182

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930