Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай азаматтарына визасыз режим берудің астарында не бар?

Қытай азаматтарына визасыз режим берудің астарында не бар?

ҚР Үкіметінің №814 қаулысымен Астана, Алматы арқылы ҚХР азаматтарына арналған 72 сағаттық транзиттік визасыз режим енгізілді. Бұл режим 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды. Қаулыға ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қол қойған.
Транзиттік виза тек Қазақстаннан басқа елге билеті бар азаматтарға беріледі, яғни елге келген азаматтың Қазақстаннан ары қарай басқа қалаға (мемлекетке) ұшатын билеті болуы қажет. Осы жағдайда ғана олар Қазақстанға визасыз кіргізіледі. Әйтпесе транзиттік виза берілмейді.
72 сағаттық транзиттік визасыз режим былтыр ЭКСПО қарсаңында енгізілген. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы визасыз режим Қазақстанның туристік саласының дамуына және Қытаймен арадағы стратегиялық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ететінін айтады.
«ЭКСПО алдында пилоттық режимде енгізілген транзиттік визасыз режим қауіпсіз екенін көрсетті. Үш айдың ішінде Қытайдан елге келген 4 500 туристің әрқайсысы ел экономикасына 250-300 АҚШ долларын қалдырды», — деген болатын Арыстанбек Мұxамедиұлы.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қазақстанның шекарасындағы өткізу пунктерінде 72 сағаттық визасыз режимді қолданатын шетелдіктерді тіркейді. Оларға миграциялық карточкалар беріледі. Онда Қазақстанның шекарасынан өткен уақыты көрсетіледі.
Визасыз режимді қолданатын шетелдіктер Астана мен Алматы халықаралық әуежайына келмес бұрын Қазақстаның әуе компаниялары олардың тізімін ҰҚҚ Шекара қызметіне және Ішкі істер министрлігіне береді.
Егер Қытай азаматтары визасыз режимді бұзса, оларды өз ақшаларына Қазақстаннан шығарады. Ал қаржысы болмаған жағдайда барлық шығынды шетелдікті елге алып келген әуе компаниясы көтереді.
01 маусым 2018 ж. 1 205 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930