Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдегі автожолдарды жобалау тәсілдері өзгереді

Елдегі автожолдарды жобалау тәсілдері өзгереді

ІІМ-де жол-көлік оқиғасы салдарының ауырлығын төмендету стратегиясының тетіктері қаралды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz
Талқылауға мемлекеттік органдар, «Қазавтожол» АҚ, «Атамекен» ҰКП және қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ҒЗИ өкілдері жолдарда «өлімді болдырмау» қағидатын іске асыру және ЖКО негізгі себептеріне әсер ету жөніндегі шешімдерді талқылады. Жол-көлік оқиғасындағы жарақат мәселесі көп қырлы және жол қозғалысына қатысушылардың мінез-құлқына байланысты екені атап өтілді. Сондықтан азаматтық сектор ESRA (E-Survey of road Users' Attitudes) халықаралық әлеуметтік сұрақтар бағдарламасы негізінде қауіпсіз мінез-құлық бойынша зерттеулер жүргізуге бастамашылық жасайды, бұл жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатын түзетуге мүмкіндік береді, - деді министрлік өкілі.
Айтуынша, кездесуде қала сыртындағы және түзу жол учаскелерінде «орташа жылдамдық» ұғымын енгізу бойынша бастамалар қолдау тапты.
Сондай-ақ автожолдарды жобалау мен қайта салу тәсілдерін өзгерту жоспарланған. Бұл бағытта аналитиканы енгізу және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану көзделеді. «Қазавтожол» АҚ өкілдері әлемнің 18 елінде іске асырылып жатқан мектептердің жол қауіпсіздігі халықаралық бағдарламасының «star Rating for Schools» жобасын сынақтан өткізуді ұсынды. ТЖМ-мен бірлесіп, қала сыртындағы трассаларда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету бойынша шаралар ұсынылды, - деп түсіндірді Шұғыла Тұрлыбек.
Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасында өлім-жітімді азайту жөніндегі осы және басқа да шаралар Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасына негізделетін болады.
10 сәуір 2023 ж. 210 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930