Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар мыңнан астам қару тапсырды

Қазақстандықтар мыңнан астам қару тапсырды

Бұл туралы брифингте ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ІІМ халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу жөніндегі республикалық акцияны жалғастыруда. Қару-жарақты өз еркімен тапсырғаны үшін жай-күйіне байланысты қарудың әрбір бірлігі үшін 10-нан 100-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш сомасында төлем көзделеді. Акция өткізілген айда полицияға мыңнан астам атыс қаруы өз еркімен тапсырылды», деді ҚР ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Ведомствоның мәліметінше, оның ішінде 1 - ойық автоматты, 167 - бірлік ойық ұзын ұңғылы, 4 - ойық қысқа ұңғылы, 910 - тегіс ұңғылы, 11 - травматикалық, 5 - жарылғыш құрылғы және ойық ұңғылы қарудың 8 мыңнан астам патрондары бар.

«Қару-жарақ заттарын қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізіледі. Жарақаттанудың алдын алу мақсатында жарылғыш материалдармен және оқ-дәрілермен ешқандай әрекет жасамауды және бұл туралы полицияға хабарлауды сұраймыз», деді Шұғыла Тұрлыбек.

ІІМ тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салды.
23 мамыр 2022 ж. 484 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30