Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Fly Arystan Астана мен Баку арасында жолаушылар рейсін іске қосады

Fly Arystan Астана мен Баку арасында жолаушылар рейсін іске қосады

Астана мен Баку қалалары арасындағы рейстер саны артып келеді2 маусымнан бастап "Fly Arystan" әуе компаниясы Қазақстан мен Әзербайжан астаналары арасында тұрақты жолаушылар рейстерін алғаш рет іске қосады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
"Рейстер "Эйрбас-А320" әуе кемелерінде дүйсенбі және жұма күндері аптасына 2 рет жиілікпен орындалады. Бұл әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді "Azerbaijan Airlines" әуекомпаниясы аптасына 2 рет жиілікпен орындайды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар қазіргі уақытта Әзербайжан Республикасына тұрақты рейстерді Алматы – Баку бағыттары бойынша "Эйр Астана" әуе компаниясы аптасына 2 рет, Ақтау – Баку "Fly Arystan" және "Azerbaijan Airlines" әуе компаниялары аптасына 3 рет, сондай-ақ Ақтөбе-Баку "Qazaq Air" әуе компаниясы аптасына 2 рет орындайды.
Осылайша елдер арасында орындалатын тұрақты рейстер саны аптасына 14 рейске дейін артады.
Екі астана арасындағы рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
16 наурыз 2023 ж. 243 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 33

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930