Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Qatar Airways» әуе рейсі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына қатынайтын болады

«Qatar Airways» әуе рейсі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына қатынайтын болады

Инаугурациялық рейстерді орындайтын - Боинг-787 (Dreamliner) үлгісіндегі әуе кемесі. «Qatar Airways» әуе компаниясы Доха қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына аптасына 2 рейс жиілікпен және Алматы қаласына аптасына 4 рейс жиілікпен Эйрбас-320 үлгісіндегі әуе кемесінде тұрақты жолаушылар рейстерін орындайды.

«Жалпы, «Qatar Airways» әуе компаниясы Қазақстанға аптасына 6 рет тұрақты түрде ұшатын болады. Екі ел арасындағы рейстерге билеттердің сатылымын бастау 16 қаңтарға жоспарланған. Рейстің ашылуы қазақстандық жолаушыларға Qatar Airways әуе компаниясының 160 бағытына сапар шегуге мүмкіндік береді», - делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

 Анықтама үшін:
Qatar Airways - Катардың ұлттық әуе компаниясы, әлемдегі ең ірі әуе компаниялардың бірі. Әуе кемелерінің паркі 233 ұшақтан тұрады. Әуе тасымалдаушының басты транзиттік хабы Доха қаласындағы Хамад халықаралық әуежайы. 2018 жылдың қорытындысы бойынша әуе компания 29 млн. жуық жолаушы тасымалдады.


13 қаңтар 2020 ж. 969 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 148

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 152

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031