Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Үкіметі Үндістанға гуманитарлық көмек көрсетті

Қазақстан Үкіметі Үндістанға гуманитарлық көмек көрсетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес және екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Үкіметі Үндістанға күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүк тиеген екі қазақстандық ұшақтың біріншісі 2021 жылы 14 мамырда таңертең Нью-Делидегі Индира Ганди атындағы халықаралық әуежайға қонды.
Екіншісі бірнеше сағаттан кейін келуі керек.
Гуманитарлық көмекке медициналық денсаулық сақтау компанияларының медициналық маскалары, респираторлары, қорғаныш костюмдері және портативті желдеткіштері кіреді. Әуежайда оны табыстау рәсіміне Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев, үнді тарапынан - Үндістан Сыртқы істер министрлігі Еуразиялық ынтымақтастық департаментінің директоры Бандару Вилсонбабу қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 4 мамырда Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модиге Үндістанда COVID-19 індетінің қатты өршуіне байланысты қалыптасқан қиын-қыстау кезеңде үнді елінің қайғы-қасіретіне ортақ екенін жеткізген еді. Ал 7 мамырда Қазақстан Үкіметіне үнді тарапына тиісті көмек көрсетуді тапсырды.2020 жылы Үндістан Қазақстанға пандемиямен күресуге көмектесу үшін гидроксохлорохин таблеткасын жібергенін атап өткен жөн.


14 мамыр 2021 ж. 695 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 150

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031