Әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғайтын омбудсмен институты пайда болады

Қаулыда Уәкіл институты өз қызметін қоғамдық бастамада жүзеге асыратыны айтылған.
Уәкілдің негізгі мақсаттары – халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттарымен өзара іс-қимылда олардың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру.
Омбудсмен мына адамдардың негізгі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
мүгедектігі бар адамдар;
мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;
жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
қандастар;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар жатады.
Құжат 27 қаңтарға дейін қоғам талқысына шығарылды.