Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның ең лас қалалары анықталды

Қазақстанның ең лас қалалары анықталды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов Қазақстандағы ауасы лас қалалар тізімін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы экологиялық мониторинг нәтижелеріне тоқталды.
Мәліметтерге сүйенсек, 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполиста, 9 қалада атмосфералық ауаның ластануы жоғары деңгейі байқалған. 
“ Ластанудың жоғары көрсеткіші Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалаларында анықталды. Өткен жылы мұндай қалалардың саны 10 болған еді. Алайда, осы жылдың басында "жоғары" деңгейден "орта" деңгейге өткен Жезқазған қаласы тізімнен шығарылды”, - деді Зұлфұхар Жолдасов.  
Спикердің сөзінше, еліміздің экологиялық ахуалына ең алдымен бизнес қауымдастық әсер етеді. Қоршаған ортаға кез-келген өндіріс өз әсерін тигізеді. Мәселен, су объектілері, топырақ, ауа, өсімдік және жануарлар әлемімен зиян келтірсе, кез-келген кәсіпорын айыппұл  төлеуі мүмкін. Дегенмен, қазір кәсіпорындар жасыл экономикаға бет бұрып келеді.
“Қазіргі кезде табиғатты қорғау тәуекелдері бизнес беделіне әсер етеді. Сондықтан, қазіргі кезде бизнес өкілдері табиғаттың игілігі үшін экологтармен бірігіп, жұмыс жасауға тырысады”- деді Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов. 
Комитет басшысы отандық ірі компаниялардан келетін залал экология мен адамдарға өз әсерін тигізіп жатқанын атап өтті. 
07 желтоқсан 2022 ж. 243 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды