Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет басшысы халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуды тапсырды

Үкімет басшысы халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуды тапсырды

Үкімет басшысы халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуды тапсырды, деп хабарлайды egemen.kz
«Аса маңызды мәселе – халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамту. Ол үшін кәсіпкерлерге жағдай жасау керек. Биылғы жылы Ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде 269 мыңнан астам жұмыс орны құрылуы тиіс. Қазіргі уақытта 203 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Олардың 175 мыңы – уақытша жұмыс. Біз тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге күш салуымыз керек», деп атап өтті Премьер-Министр.
Ол үшін цифрлық технологияларға сүйену маңызды. Мемлекеттік органдардың жүйелерін толық интеграциялай отырып, жұмыспен қамту сервистерінің барлығын цифрландыру қажет.
«Отбасының цифрлық картасы, Электрондық еңбек биржасы мен Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасын біріктіргеннен кейін, жұмыссыз жүргендерге электрондық хабарламалар арқылы вакансиялар ұсынуға болады», деді Ә. Смайылов.
Жұмыссыздарға өтініш жазбай-ақ бос жұмыс орындарын ұсыну маңызды. Мұндай қызметтерді смартфон арқылы қолжетімді ету қажет. Жастарды жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдері мен механизмдерін енгізуге ерекше назар аудару керек.
«Жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңға жуық жас шығады. Олардың жұмыс тәжірибесі жоқ, сондықтан жастарға бірінші кезекте жұмысқа орналасуға көмектесу керек. І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастардың саны Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарында көп. Ал бұл өңірлерде мамандарға сұраныс көп. Аталған облыстардың әкімдіктері жастарды оқытып, жұмысқа орналастыру мәселесін бақылауға алсын. Жастарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы жеткілікті ақпарат берілмейді. Сондықтан осы бағытта ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту қажет», деді Үкімет басшысы.
11 қазан 2022 ж. 345 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930