Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Биыл жаңа 27,3 мың жұмыс орны құрылады

Биыл жаңа 27,3 мың жұмыс орны құрылады

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы (ЖҚЖК) аясында осы жылы 331 жоба іске асырылатын болады. Биыл барлығы 27,3 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, соның 10,2 мыңы тұрақты жұмыс орны болады.

 Еңбек министрлігі мәліметіне сүйенсек, 2020 жылы іске қосылған 259 жобаны іске асыру жалғасуда, оның аясында 81 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды. 
Іске асыру тәжірибесін ескере отырып, ЖҚЖК-ға талдау жүргізілді және мыналарды көздейтін жаңа тәсілдер әзірленді:
– жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру үшін азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын кеңейту;
– отандық тауарлар өндірісін, қызметтерді дамыту және жұмыс орындарын құру үшін «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын қаржыландырудың (микрокредиттеудің) қолжетімділігін арттыру;
– ЖҚЖК-ға құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін әлеуметтік-мәдени, инженерлік-көліктік, өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін салу әрі реконструкциялау жөніндегі жобаларды ғана қоса отырып, инфрақұрылымдық жобаларды іріктеу критерийлерін қайта қарау.
2020 жылы ЖҚЖК аясында 239 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның 6,6 мыңы – тұрақты. Бұл ретте жұмысқа орналастырылған азаматтардың 50,3 пайызы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс тапты, 6,5 мың инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асырудың ерекше шарты – отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің кемінде 90 пайызын қолдануды қамтамасыз ету.
Қызметкерлердің кемінде жартысын халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалдайды, жұмыссыз жастарға басымдық беріледі. Мердігерлер санитарлық-эпидемиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге тиіс.


23 ақпан 2021 ж. 293 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728