Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерлан Қошанов партияластарын ел аманатын бірге атқаруға шақырды

Ерлан Қошанов партияластарын ел аманатын бірге атқаруға шақырды

Парламент Мәжілісінің төрағасы - AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов партияны алда қандай кезең күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы осынау тарихи кезеңде партияның жетекшілігін маған сеніп тапсырғаныңыз үшін, жүктегеніңіз үшін өзіңізге және осы шешімді қолдаған партиялас әріптестеріме зор алғысымды білдіремін. Мен бұл шешімді үлкен сын, үлкен жауапкершілік және аманат деп түсінемін», деді ол AMANAT партиясының XXIII съезінде.

Сондай-ақ ол партияластарын ел мен Президент аманатын бірге атқаруға шақырды.
«AMANAT партиясы – бұл Президентіміздің қоғамдық тірегі. AMANAT партиясы – бұл реформалар партиясы және Жаңа Қазақстанның жасампаздығы. Құрметті партияластар, бізді үлкен сынақтар, үлкен науқандар күтіп тұр. Еліміз бен Президентіміздің бізге берген сенімін, аманатын бәріміз бірігіп абыроймен атқарайық», деді Ерлан Қошанов.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен AMANAT партиясының XXIII съезі өтті.
26 сәуір 2022 ж. 480 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 32

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 66

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 108

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 59

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 59

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031