Жаңа леппен нақты іске

«Аманат» - ортақ мағынадағы центристік партия. Ол - Әділдік партиясы, халық бірлігі партиясы, алға қарай нық қадам басу партиясы, халықтың пікірі мен арманын тыңдайтын және азаматтарымыздың мүддесі үшін әрекет ететін партия» деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл атау еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым екенін атап айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев партияластарына популизмге салынып, жұртқа өтірік уәде бермеңдер деп те ескертті. Енді партияның жұмысын одан әрі жаңғырту үшін аманаттықтар халықтан тың ұсыныстар қабылдайды.
Ендеше жаңғыруға бет алған партиямыздың барша мүшелерін Президентіміздің төңірегіне топтасып, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосуға шақырамын.
Жаңа деммен жұмыс істейміз деп отырған аманаттықтардан халықтың да күтері көп.Талғат ӘЛІПБАЕВ,
"Nur Otan" партиясынан Қазалы аудандық мәслихатының депутаты