Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлем қалай төленеді?

Жұмысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлем қалай төленеді?

Әлеуметтік төлемнің бұл түрі азаматтың жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады1 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты 71,4 мың адамға әлеуметтік төлем төленді. Биыл 63,7 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем қызметкер жоғалтқан табыстың 40% - на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін:
eGov.kz порталында тіркелу;
«Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
онлайн қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою арқылы өтінімді жіберу қажет;
бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
егер жұмыс табылмаса, 3 күн ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушімен ХЖҚО қызметкері хабарласады).
Бұл қызметті онлайн режимде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
Азамат жұмыссыз ретінде тіркелген соң Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-нан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісім беру үшін ұялы телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам жұмыс іздеп жүрген кезеңде оны қолдауға арналған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қашықтан қызмет көрсету функционалын іске қосты.
Бұл жұмыссыздарды тіркеу және жұмыспен қамтуды қолдау бойынша мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді алу рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік берді. Енді барлығын тек интернет, компьютер және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен жасауға болады.
Бұрын хабарлағандай, Мемлекет басшысының осы жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысынан айырылған жағдайда МӘСҚ төленетін әлеуметтік төлем мөлшері орта есеппен 13% - ға ұлғайтылатын болады. Әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамытудың осы және басқа да шаралары ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында қарастырылады.
27 қыркүйек 2022 ж. 254 0

19 наурыз – Жаңару күні

19 наурыз 2024 ж. 29

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031