Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыссыз қалған 25,2 мың адамға жәрдемақы төленді

Жұмыссыз қалған 25,2 мың адамға жәрдемақы төленді

2022 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді 25,2 мың адам алады, бұл ретте 18,5 мың қазақстандыққа төлем осы жылы алғаш рет тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек министрлігінде хабарлағандай, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты бір айдан алты айға дейін жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады.
Төлем жоғалған табыстың 40%-на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін:
egov.kz порталында тіркелу керек;
«Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
Барлық сұрақтарға жауап беріп, қызметке онлайн тапсырыс беру және ЭЦҚ-мен қол қою арқылы өтінімді жіберу;
Бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
Егер жұмыс табылмаса, үш жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушімен ХЖҚО қызметкері хабарласады).
Бұл қызметті онлайн-режимде электрондық еңбек биржасы арқылы да алуға болады (enbek.kz).

Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы деректер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-дан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісім беру үшін ұялы телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Еңбек министрлігінде атап өткендей, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам жұмыс іздеп жүрген кезеңде оны қолдауға арналған.
29 наурыз 2022 ж. 227 0

Руханият

Дархан даланың дара шынары

Дархан даланың дара шынары

26 желтоқсан 2022 ж.
Басықара билігі

Басықара билігі

13 желтоқсан 2022 ж.
Елге аға болған Қалекең

Елге аға болған Қалекең

11 желтоқсан 2022 ж.
Қазалының қайсар ері

Қазалының қайсар ері

10 желтоқсан 2022 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды