Еліміздің бірқатар өңірінде 3 градус үсік жүреді
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің оңтүстігінде, шығысында, батысында жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, шығыста тұман күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай ауданының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында жоғары өрт қаупі жалғасады.
Түнде Ақмола облысының шығысында, солтүстікте, Қарағанды облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-3 градус үсік жүреді.
Түнде Ұлытаудың солтүстігінде, Павлодар облыстарының басым бөлігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Елордада жауын-шашынсыз көшпелі бұлт шығады. Оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 21-23 градус жылы болады.
Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 25-27 градус жылы.
Шымкентте солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 30-32 градус жылы болады.