Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұман түсіп, үсік жүреді. Бүгінгі ауа райы болжамы

Тұман түсіп, үсік жүреді. Бүгінгі ауа райы болжамы

"Қазгидромет" 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі суық антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Түнде еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында үсік күтіледі. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ел бойынша екпінді жел, оңтүстікте - шаңды дауыл, шығыста түнде және таңертең тұман болжанады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түнде Ақмола облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-3 градус үсік сақталады. Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, Павлодар облысының басым бөлігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Нұр-Сұлтан қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы болады.
Алматы қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 25-27 градус жылы болады.

Шымкент қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 30-32 градус жылы болады.
19 қыркүйек 2022 ж. 339 0

МӘҢГІЛІК МҰРА

24 мамыр 2025 ж. 55

РУХАНИ АЗЫҚ ОРДАСЫ

24 мамыр 2025 ж. 55

Жәнібектің жетістігі

23 мамыр 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031