Ауа райы: бүгін 8 өңірде үсік жүреді
«Қазгидрометтің» мәліметінше, Қазақстанның солтүстігі, солтүстік-батысы, шығысы мен оңтүстік-шығысы әлі де циклон ықпалында болады.
Сондықтан солтүстік-батыста, батыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде солтүстікте, шығыстың таулы аудандарында, оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады.
Ел аумағында желдің күші 15-23 м/с жетеді. Күндіз батыста шаңды дауыл тұрады.
Солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының орталығында, Атырау облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақмола облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік жүреді.
Түнде Қостанай, Ақтөбе солтүстігінде, Солтүстік Қазақстанның солтүстік-шығысында, Павлодар облысының оңтүстік-батысында, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Абай облысының батысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.