Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданының әкімі жұмыстың сапасына мән беруді тапсырды

Қазалы ауданының әкімі жұмыстың сапасына мән беруді тапсырды

Қазіргі таңда Қазалы ауданында құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бюджеттен бөлінген қаржыға жолдар асфальттанып, көпір салынуда. Сондай-ақ, тұрғын үйдің аулалары абаттандырылып, елді мекендер газдандырылуда.
Әрбір құрылыс жұмыстарының сапасы аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың тұрақты бақылауында. Мұхтар Әуесұлы әр күн сайын сала басшыларымен бірге әрбір нысанға арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысын қадағалауда.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бүгін де аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқаппен бірге бірқатар құрылыс нысандарына барып, жұмыс барысын көрді.
Аудан басшысы Әйтеке би кентіндегі автоматтандырылған электрондық емтихан алаңы мен Ерімбет Көлдейбекұлы көшесінің бойындағы абаттандыру жұмыстарын және Басықара елді мекеніне кіре беріс жолдағы көпір құрылысымен танысты.
Сондай-ақ, Әйтеке би кенті мен Басықара ауылының арасындағы жолға орташа жөндеу жұмыстарын көрді. Қазіргі таңда «СтройМодульАстана» ЖШС екі елді мекен арасындағы жолдың 11 шақырымнан астамын асфальттап үлгерген. Мердігер мекеменің жауапты қызметкерлері жолды бекітілген кестеге сәйкес аяқтаймыз деп жоспарлап отыр.
Құрылыс барысын көрген аудан әкімі Мұхтар Оразбаев әрбір нысандағы жұмыс сапалы әрі мерзімінде тапсырылу қажеттігін айтты. Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүруі үшін бюджеттен қаржы бөлініп отырғанын жеткізді.
«Халықтың игілігі үшін салынып жатқан нысандар – сапалы әрі мерзімінде тапсырылуы қажет. Себебі біз халыққа ең бірінші кезекте керек болған соң қажетті қаражат бөліну үшін көп іздендік. Тиісті орындарға дәлелдеп, қаржы бөлдіру үшін көп еңбектендік. Енді қаржы бөлінген соң ол жұмыстар сапалы жүргізіліп, бекітілген кестеге сәйкес пайдалануға берілу керек. Сол үшін де Сіздерден ең бірінші кезекте жұмыстың сапалы болуын талап етеміз», – деді Мұхтар Әуесұлы.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құрылыс нысандарын аралау барысында тиісті сала басшыларына жұмыстардың сапалы болуын қадағалауды тапсырып, күнделікті бақылау қажеттігін айтты.
09 қыркүйек 2022 ж. 384 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 54

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 106

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 113

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 82

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 108

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031