Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Цифрлы Қазақстан: Жаңғыруға бастайтын қадам

Цифрлы Қазақстан: Жаңғыруға бастайтын қадам

Әр уақыттың өзіндік талабы мен тілегі бар. Жаһандану дәуірі есік қаққалы қалың жұрт жаңа технологияның тілін меңгеруге көшкен. Осыдан бірнеше жылдар бұрын елдің атқа мінерлері «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қолға алған еді. Ондағы мақсат 2018-2022 жылдар аралығында елді орта мерзімді перспективада экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын, болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау. Яғни, озық отыз елдің қатарына ену болды. Елдің кешегісі мен бүгінгісіне қарай отырып, расымен алға қойған мақсатқа жету жолында жақсы нәтижелер көрсетіп жатқандаймыз.
Жалпы, бағдарламаға қысқаша тоқталар болсақ, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады. Бағдарламаның 4 негізгі бағыты бар. Бірінші – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру. Екінші бағыт – экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу. Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру. Төртінші – IT мамандарды даярлау жатады.
Қазіргі таңда елдегі көптеген жұмыстар электронды, онлайн жүйеге ауысқан. Оның ішінде сауда-саттық, күрделі құжатта және сіз бен біздің өміріміздегі маңызды жұмыстардың барлығы қамтылған десек қателеспейміз. Тіпті белгілі бір қалаға сапар шексеңіз, сол мекеннің өзіндік туристік бағдарламасы да бар.Жалпы, отандық бағдарламаларға келер болса, көпке белгілі «egov», «kaspi», «indriver» сынды портал мен смартфон бағдарламалары. Мәселен, бұрын белгілі бір құжатты тапсыру үшін ХҚКО барып, ұзын сонар кезекке тұрушы едік. Онда біріншіден уақытыңыз, екіншіден жол пұлыңыз шығындалады. Ал бүгін оның барлығын үйде отырып-ақ «egov» порталы арқылы жасауға болады. Яғни, онлайн түрде. Бар болғаны компьютер немесе смартфоныңыз болса болғаны. Кез келген қызметті алып, қажетті құжатыңызды жүктей аласыз.
Одан бөлек «indriver» смартфон қосымшасына келер болсақ, онда барлығы жеңілдетілген. Бұрынғыдай көше бойын жағалай такси тоқтатып әуре болмайсыз. Тіпті белгілі бір дүкенге барып, ондағы тауарды сатып алып келуге уақытыңыз кетпейді. Мұнда да жоғарыдағыдай. Бар болғаны қосымшаны смартфоныңызға жүктеп алсаңыз болғаны. Үйде немесе жұмыс орныңыздан тапсырыс тауарын алдыру немесе таксидің дәл есік алдына келіп, діттеген жерге, көрсетілген соммада апарып тастауы қарастырылған.
Онан соң қазіргі таңда қазақстандықтардың 90 проценті пайдаланып отырған «kaspi»-ге тоқталсақ. Ол Қазақстанда ойлап табылған ең танымал, жеңіл әрі пайдалы бағдарламалардың бірі болып табылады. Өздеріңіз білетіндей ел тұрғындарының өмірінде бағдарламаның атқаратын рөлі зор. Онда маңызды, жеке, неке және балаңыздың туу туралы куәлігі мен мемлекеттік қызметтерге дейін бар. Одан бөлек, ақшалай аударым, депозит, несиелік бөлімдер мен онлайн дүкендер қамтылған.
Мұның барлығы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының нәтижесі. Яғни, қазақ елінің техника, IT бағыты қарқынды дамуда.
– Соңғы 10 жыл ішінде мемлекетіміз оң өзгерістерге ұшырады. Әлі күнге дейін есімде, пультсіз теледидар, үй телефоны, факс, телеграм арқылы хат жіберу. Мұның бәрі қызықты естелік болып қалғанымен машақаты көп құрылғылар еді.
1999-2000-шы жылдары Алматы қаласынан туыстарым келер алдында телеграм арқылы хат жолдайтын. Сондағы алдын алып, қамданып отырсын, тосыннан түспейік деген ниет қой. Ал бүгін ше? Ватсап желісімен бейнехабарласу арқылы дәл қазіргі сәттегі мән-жайды білуге де болады. Бұдан бөлек басқа да бағдарлама немесе құрылғылар көп-ақ.
Жалпы, жаңа технологиялар адам баласының өмір сүру ыңғайын өте жеңілдетіп жіберді десек болады. Бүгінде бұның барлығы оң нәтиже беріп келеді. Бірақ, кері әсерін берер болса, адам баласын сүлесоқтық жаулап алары сөзсіз, – дейді Динара Ахмедова.
Серік АҚМЫРЗА
30 шілде 2022 ж. 437 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031